Главная » Файлы » Тарих

Шыңғыс хан –түрік дүниесін біріктіруші
04.04.2015, 12:43

Қазақ әдебиетінің екі белгілі қаламгерлерінің Шыңғыс хан туралы таластарына қанықпын. Біреуі Шыңғыс ханды қазақ десе, екіншісі қазақ емес қанішер деп баға береді. Әрине көңілім Мұхтар Шахановты жақтап Шыңғыс ханды жауыз дегім-ақ келеді, бірақ жүрек түкпірімде Шыңғыс ханды қазақ халқын жоюдан аман алып қалған оғлан деп танимын.

Өйткені, Ресей тәуелсіз Украина жерінен Қырымды алып қойса да, Донбасс пен Луганскіге ойран салса да, Путинді орыс халқы «орыс әлемін» қорғаушы тұлға ретінде санауы маған да ой салды. Мүмкін Шыңғыс ханды кезінде қазақ халқы түрік әлемін біріктіруші және қорғаушы тұлға ретінде санаған шығар.

Шыңғыс ханның жанкешті соғыстары түріктердің ат тұяғы тиген Тынық мұхиттан Атлант мұхитына дейінгі жерді түрік иелігіне қайтарып, түркі әлемінің беделін қалпына келтірудің жолы болған шығар.

Ал, енді Шыңғыс хан моңғол дегенге сенбеймін, өйткені, өз түсінігім бойынша сол кезде қазақ руларының жалпы атауы «моңғолдар» деп аталуы мүмкін. Сондықтан Шыңғыс хан тарих сахнасына көтерілген кезеңде пайда болған моңғол деген сөз де, ұғым да қазақ руларының жалпы атауы болған шығар. Бірақ моңғол атауы қазіргі моңғол халқы деп танылған кезінде «халқа» деп аталған ұлтқа қатысты болуы тиіс емес.

Бүгінде Моңғолияның өзінде 2,5 млн. халық тұрса, Қытай жеріндегі Ішкі Моңғолияда да 2,5 млн.-дай адам бар, Ресей жерінде 1,5 млн. моңғол тектестер (бурят пен қалмақтар) сонда бәрінің саны 6,5 млн. болады.

Ал түркі халқының саны 200 млн. асады. Логикалық қисынға жүгінсек, Шыңғыс хан заманында саны мүлдем аз халық – моңғолдар дүниені қалай жаулап алмақ? Қисынға келе ме?

Қазақ деген ұлт осыдан 550 жыл бұрын пайда болған екен. Қазіргі қазақ ұлтының құрамына сол кезде моңғол деп аталған ұлыстың құрамында болған бүкіл рулар кіріп отырған жоқ па?. Бұл кездейсоқтық па сонда?. Егер Шыңғыс хан моңғол болса бәлен миллион түріктерді қалай соңынан ерте алуы мүмкін.

Ойлап көрейікші,  орыс мемлекетін орыстар қазаққа басқартар ма еді. Әрине жоқ. Өз қаны болмаса сорлы деген ұлттың өзі басқа ұлттың адамына ел билігін бермейді емес пе?.

Жаулап алушы ел ешқашан отарланған елдің тілінде сөйлемейді. Оған өз еліміз дәлел тәуелсіздік алсақта әлі күнге дейін орыстың тілінде сөйлеудеміз. Ал, Шыңғыс хан құрған мемлекет түрік тілінде сөйледі және мемлекеттік тілі түрік тілі болды. Бұл нені білдіреді, неге моңғолша сөйлемеді. Орыс тілінде неге түрік сөздері өріп жүр, ал 300 жыл «моңғол» езгісінде болған елдің тілінде моңғолдың сөздерін неге кездестермейміз.

Меніңше Шыңғыс ханның жорығы идеологиялық мақсатпен «моңғол-татар» шапқыншылығы деген атпен бұрмаланып, тарихи санаға ақпараттар тасқыны арқылы күштеп сіңіріліп, шынайы қазақ тарихы шырғалаңға тасталды.

Ал, мен қазақ ретінде Шыңғыс ханның қазақ екеніне сенемін және әр алтын құрсақты аналарымыздың құрсағында Шыңғыс хандай тұлғалар жатыр деп есептеймін және қазақ халқының мұң-мұқтажын жоқтайтын Шыңғыс хандай тұлға қазіргідей сын сағатта арамызда жүруі тиіс.

 Ерсін Ерғалиев

 
Категория: Тарих | Добавил: Yersin
Просмотров: 4926 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]