Главная » Файлы » Тағылым

Қазақ ұлты Ұлы ұлт
17.04.2014, 19:36

Бірде орыс көршіммен сөйлесіп отыр едім, оның «жұмыс істеген адамдар әр ұлттан құралу керек» деген сөзіне елеңдеп қалдым.

«Неге?» деймін? Сонда оның «Бірыңғай қазақтар жиналсаңдар бір- бірінің аяқтарынан шалып жұмыс істемейсіңдер» дегеніне ренжіп қалдым да, «Неге олай дейсің? Бұл айтқаның дұрыс емес, әрбір ұлттың жақсысы мен жаманы, әр ұлттың жалқауы мен еңбекқор адамы болады. Ал қазақтар туралы пікірің дұрыс емес» деп едім, үндемей қалды.

Расында бүгінгі күні халық арасында «қазақтар бір-біріне күн көрсетпейді, жұмыс істемейтін жатып ішер жалқау» деген қаңқу сөздерді естіп жүрміз. Біржағынан осындай қаңқу сөздің пайда болуына өзіміз де кінәліміз бә деймін.

Айналадан көріп жүрмін, екі қазақ сөзге келсе, немесе екі қазақ бір мекемеде жұмыс істеп сыйыса алмаса өз ұлттарын кінәлап «қазақтар бір бірін көре алмайды бір бірінің аяғынан шалады» деп байбалам салып, ел-жұртты у-шу қылып жатқаны. Ондай оғаш сөздерді жанынымызда жүрген өзге ұлт өкілдері естіп жүрген жоқ па.

Заңғар жазушы Мұхтар Мағауин «немісің де, орысың да, корейіңде бір-бірімен қырылысып соғысып жатсада ұлтын жамандамайды, ал қазақтардың тіптен «қазақтың жауы қазақ» деп айтатындай бастарына не күн туды» деп айтқан аталы сөзі дұрыс па дерсің.

Шынында екі қазақтың арасындағы кикілжіңге қазақ ұлтының кінәсі қанша екенін біле алмадым. Мен үшін бар болғаны екі қазақ ұлтының өкілдері кездесіп, бір бірімен келіспеуі ғана. Күнделікті тұрмыста ондай жағдай барлық ұлтта да бар. Бірақ  өкініштісі өз қазағымыз өздерінің небір пасық сөздерін өз ұлтына таңып, басқа ұлттардың алдында өз ұлтының абыройын түсіруін айтсайшы.

Оның орнына басқа ұлттардың санасына қазақтар ұйымшыл, өр ұлт екен деген пікір қалыптастырып ұлтымызды ұйыстыра білген қандай тамаша болар еді.

Ал енді қазақты «жалқау» деу тіптен әбестік, жалқаулар барлық ұлтта бар, бір-екі шіріген жұмыртқа үшін қазақ ұлтын жалқау деген пікір қалыптасқаны дұрыс емес. Ондай сөздерге тосқауыл қою керек. Себебі қазір естіп жүрмін өзге ұлт өкілдері басқаратын мекемелерге қазақтардың жұмысқа тұруы қыйынның қыйыны.

Руға, жүзге бөлінеді деп тағы да қазақтарды жамандаймыз. Ол біздің ықылым заманнан келе жақтан төлқұжатымыз емес пе, өйткені қазақтар рулық жүйе арқылы ғана ұлт болып ұйыса білген. Екінші жағынан туыстар арасында ғана нағыз сенімділік, іскерлік байланыс орнайды, бір біріне тірек болып өзара татулық пайда болады. Қайта рулық жүйенің ыдыруы қазақ халқының рухани күйзелісіне әкелген шығар. Сондықтан «Руға бөлінгеннің жүзі күйсін» деген ойды теріс пікір деп санаймын.

Менің әкем балалар үйінде тәрбиеленіп өзінің руын білмей өсті. Мен руын білгендерге қызыға да, қызғана қараймын өйткені руын білгеннің өрісі кең ғой.

Мен өзім қазақ ұлтын ұлы ұлт деп санаймын себебі қазақ еліндегі тыныштық қазақ халқының сабырлығы, төзімділігі арқасында екенін білемін сондықтан осындай Ұлы ұлттың ұлы ретінде қазақ халқын қорлай сөйлейтін адамдарды сыйлай алмаймын.

Категория: Тағылым | Добавил: Yersin
Просмотров: 1577 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]