Главная » Файлы » Тағылым

Алғашқы сезім
15.05.2017, 17:52

Бірінші қыркүйек жаңа оқу жылы сыныптастарыммен кездесіп шұрқырасып жатырмыз. «Биыл сыныпқа жаңадан қыз келіпті «әдемі қыз ба?» деген сұрақ сыныптастарымның көкейінде жүр екен. Алғашқы сынып сағатында мұғалім жаңа оқу жылының негізгі талаптарын түсіндіріп жатқан еді, сол кезде есік қағылып, шашында ақ бантик, иығына әдемі мектеп сөмкесін асынған қара торы бота көз ару кешірім сұрап кіргенде біз қызға сұқтана қарап қалдық. Ол сыныптастарының өзіне көңіл аударғанына ұялып қалды. Сынып жетекшісі келген қызды оқушыларға таныстырып «Қыздың есімі Әсем, орыс мектебінен қазақ мектебіне ауысты қазақ тілінен қиындық көрсе көмек жасаңдар» деп әрі қарай оқушыларға сабақтың жаңа тақырыбын түсіндіре бастады. Расында келген қыздың есімін де, өзінің көркіне сай Әсем деп қойған екен. Ол кезде махаббат дерлік ұлы ұғымды жете түсінбесем де, жүректе оған деген оянған ыстық сезімім алғаш рет бүр жарып, бойымды үйіріп әкетті. Балалық сезім мені қызға ынтықтыра түсті, өйткені бойда тұтанған сезімім пәктік пен құштарлыққа толы болды. Жалпы мектеп қабырғасы алғашқы достарды табыстырушы, алғашқы ұстазды, алғашқы махаббатты таныстырушы орда ғой. Сол сезімнен жүрегіме түскен ұшқын жанымды тағат таптыртпайтын «дертке» айналғандай болды. Мүмкін ол сезімім айналам үшін жай ғана достық қарым-қатынасты көрсететін «балалық» қана болып көрінген шығар. Бірақ, мен үшін ол сезімім шынайы еді. Ал, достарым қыз жөнінде сұраса ұяламын. Әсемді жақсы көрмейтін адамның кейпін танытамын. Өйткені мен баламын, кіршіксіз, пәкпін. Сондықтан сезімімді біреуге айтсам, оны басқалар ұрлап алатындай күйде боламын. Ал сезім деген көңілде емес, жүректе өріледі екен. Оны сезсем де, әлі ұяңмын. Мектеп қабырғасындағы алғашқы сезім махабаттың алғашқы баспалағы дер едім. Иә, алғаш сыныпқа кірген ақ бантикті қыз мен үшін ең әдемі және ең сүйкімді болып көзіме түсті. Мен әрдайым оны іздеп, жоқ болса алаңдап, бар болса қыздың жанынан табылғым келіп тұратын. Бірге киноға барып, бір партада отырып, бірге сабаққа дайындаламыз. Қыс түссе бір - бірімізге қар лақтырып ойнаймыз, содан қызды үйіне дейін жүрегім өрекпіп шығарып саламын. Сол кездер мен үшін ертегідей болатын. Сонда да алғашқы сезімімді батылым жетіп оған айта алмадым. Өйткені ғашықтың тілі, тілсіз тіл деген осы екен. Жоғары сыныпқа барған сайын балалық сезім есейіп, Әсемді ақылмен сүйе бастадым. Махаббаттың табиғи заңдылығы басталғандай болды. Оныншы сыныпты қол ұстасып жүріп бітірдік. Ол Қарағанды қаласындағы университетке мен Алматы қаласындағы институтқа түстім. Не істейсің «алғашқы сезімді» ақ бантикті қызға сездіруге бата алмай өзіммен бірге ала кеттім.Тек араға жылдар салып алғашқы сезімім көктеп мәуелеп махаббатқа ұласқан кезде ғана оған сүйетінімді жүрексіне айтқаным есімде... содан бері екеуміз мәңгі біргеміз.

Категория: Тағылым | Добавил: Yersin
Просмотров: 474 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]