Главная » Файлы » Саясат

Жаппай орыс тілді елге айналдық. Бұдан құтқаратын кім бар?
04.04.2015, 12:26

Президенттік сайлау науқаны басталды. Орталық сайлау комиссиясының шешімімен ҚР Президентінің мерзімінен бұрын сайлауына үш адам кандитат болып тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын бастауға жіберілді. Олар: «Нұр Отан» партиясы ұсынған, еліміздің қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» ұсынған Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынушы Әділғазы Құсайынов.

Әрине, ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік деңгейде бағаланған тұлға, Елбасының мынадай аласапыран дүниеде жаңадан аяққа тұрған елді 24 жыл шайқамай ұстап бас болу екінің бірінің қолынан келмейтін іс.

Ал енді 17 млн. халықтың арасынан топ жарып шыққан екі үміткер тұлға туралы не айтуға болады мүмкін олар бала-шағасына, ағайын, құда – жекжаттарына, ауыл-аймағына жақсы таныс адамдар шығар, бірақ менің түсінігімде президентке үміткер тұлғалар ерелі еңбегімен, танымалдығымен қалың жұртшылықты баурап алатындай болуы керек еді. Сондықтан екі үміткер туралы не айтуға болады?

Әттең осы додада Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге елімізге, әлемге танымал Тоқтар Әубәкіров, Мұхтар Шаханов сынды азаматтар үзеңгі қағыстырып додаға түскенде сайлаудың беделі артар ма еді. Не істейсің көзге түсер тұлғалар қазақ халқының арасынан табылмағанына. Енді БАҚ беттерінде Қазақстанда Елбасыға барабар тұлға жоқ деп жазғандарын өкінішпен қабылдауға тура келейін деп тұр!.. Бір сөзбен айтқанда Президенттік додада Нұрсұлтан Әбішұлы «бәйгені шаппай алатыны» белгілі болды.

Дегенмен қазіргі мынандай аласапыран жағдайда президенттік сайлауға үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Президенттікке сайланса қазақ халқы қуанбаса ренжімес.

Әйтеуір көңілге демеу «от басы ошақ қасы» тіліне айналған қазақ тілінің осы Президенттік сайлау науқанында беделі артатыны. Күнделікті тіршілікте іске алғысыз қазақ тілі Президенттіке үміткерлердің көбінің ала алмас асуы болып тұр, бірақ түсінбейтінім үміткерлерге қазақ тілінен емтиханды нақты қолданар деңгейінде неге тапсыртпасқа? Бәрібір қазақ тілі қазақ мемлекетінің жұмыс тілі емес қой!

Олай айтуымның себебі, өткен сайлауда қазақ тілі емтиханынан жорғалаған құсты өткізбейтін Мырзатай Жолдасбеков 100-ге дейін қазақша санау білмейтін Ғани Қасымовты өткізгенде БАҚ беттері біраз шулаған еді. Орыс тілін білгендердің тасы өрмелеп тұр ғой қазір!!!

Сондай-ақ, айтпай кетпеуге болмас сол сайлауда Президенттік додаға түскен М.Елеусізов «даусымды Назарбаевқа бердім» деп өз сайлаушыларын жерге қаратып еді, биылғы үміткерлер ондай жағдайды қайталамайтын шығар деп ойлаймын.

Тағы бір түсініксізі 150 млн.халқы бар Ресейдің сайлау заңы бойынша партия атынан түскен Президентке үміткер 100 мың қол, ал өзін-өзі ұсынған үміткер 300 мың қол жинайды, ал 15 млн.халқы бар Қазақстанда үміткерлер 93 мың қол жинау керек. Неге?

Н.Назарбаев үгіт-насихат жүргізбей-ақ Президенттік додада жеңіске жетері анық, ендеше Елбасы қазақ елінің тәуелсіздігін баянды, қазақ тілінің өз елінде лайықты орын алуын қамтамасыз етуі керек.

Өйткені экономикамыздың дамығаны не керек, егер қазақ ұлты өз мемлекетінде «мемлекет құрушы ұлтқа» сай болмай, қазақ тілінің БЕЙШАРА халде қалуы, Қазақ жастарының жаппай орыс тілділерге айнала бастауы тәуелсіздігіміздің баянсыздығы емес пе?!. Осы Президенттік мерзімінде Н.Назарбаев бар күшін Қазақ халқының, Қазақ тілінің беделін көтеруге жұмсап, Қазақ елінің іргетасын нығайтса екен.

Ерсін Ерғалиев

Категория: Саясат | Добавил: Yersin
Просмотров: 912 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]