Главная » Файлы » Саясат

Экспорттайтын ештеңе жоқ, сөйте тұра үздік 30-дан дәмеліміз
04.04.2015, 12:41

Өз басым 23 жыл бойы еліміздің экономикалық гүлденуіне сеніп келдім, тіптен Елбасының ЕуроАзиялық одаққа кіргеннен кейін нарығымыз 170 млн. адамға ұлғайып табарларымызды еркін сатамыз дегеніне риза болып қолдап едім, енді Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың Атырауда өткен аймақтық кеңестің кеңейтілген отырысында айтқанынан ұққаным: «Алда Дүниежүзілік сауда ұйымының қақпасы ашылғанда, алпауыт Қытай нарығымен бәсекелестік күтіп тұр. Әзірге экспорттайтын ештеңе жоқ. Бізде экспортты қолдайтын бағдарламалар жеткілікті, қаржы да бөлінді, бөлініп те жатыр. Алайда өкінішке орай, қолдайтын өнім жоқ…»,- дегені.

Өз құлағыма өзім сенбедім сонда 23 жылдан бері «Хабар», «Қазақстан» каналдарынан көрсетіп лентасын қиған завод, фабрикалар кайда кеткен? Ашылып жатқан «Иновационные прорывные проектілер» неге жұмыс істемейді? Нешеу еді сондай «проектілер» саны, жаңылып қалдым. Дамыған 30 елдің катарына косыламыз деп қабылданған стратегиялық жоспарымыз не болды?

Тіптен Қазақстан-2030 бағдарламасын орындап тастап, дамыған елу елдің қатарына лектік, ендігі жоспарымыз дамыған 30 елдің қатарынан ену деп “Қазақстан-2050″ бағдарламасын да қабылдап тастадық. Сонда Тимурдың айтып тұрғанындай өзіміз өнім өндіре алмасақ біз 30 елдің қатарынан қалай көрінбекпіз. Қазір қай экономист айта алады біздің нақты экономикалық әуелетіміздің қандай деңгейде екенін?

Ендеше неге біз Бішкек пен Ош қаласында екі мектеп салу үшін 6 млн 544 мың доллар бөлдік. Ол артық ақша болғаны ма? Тіптен Қырғызстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Бішкекте мектеп салдырғаны үшін ризашылығын былай білдіріпті «Ең алдымен, мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтамын. Ол бізге көп көмектесті, сан алуан мәселелерді шешіп беріп жүр. Көптеген елдерде болдым, Назарбаев сияқты басшылар өте аз» деп атап өтіпті Атамбаев.

Бұл енді саясат болса да, өзіміздің проблемалар шешіліп болғаны ма? Егер товар өндірмесек ЭКПО-17, универсиада, олимпиада, діни, медиа, экономикалық форумдарды қандай қаражатқа өткіземіз.

Еһ, мен елімнің экономикалық гүлдеп жатырмыз дегеніне сеніп едім… Тіптен қырғыздар сияқты киім тігіп, өзбектер сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін де өндіре алмайтын болғанымыз ба, өкінішті-ақ.

Ерсін Ерғалиев

Категория: Саясат | Добавил: Yersin
Просмотров: 1078 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]