Главная » Файлы » Саясат

Қазақ елінің арманы
23.01.2014, 22:01

Президент Назарбаев Н.Ә. қазақ тілі – мемлекеттік тіл мен ресми тіл - орыс тілі туралы әр кезеңде әртүрлі пікір айтты. Ал,  Астанада өтіп жатқан «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына арналған форумда: «Орыс тілі - біздің үлкен көршіміздің тілі. БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Біз бұл тілді ұмытпауымыз керек, оны лақтырып тастауға болмайды. Өзге ұлтты кемсітіп, өз ұлтыңды көтеру мүмкін емес. Сондықтанда үш тұғырлы тіл мәселесін айтып келемін. Ағылшын тілі бізге әлемдік аренаға шығу үшін керек. Дүниежүзінде жарық көретін 10 миллион кітаптың 85% ағылшын тілінде. 3,5 мың шетелдік компания Қазақстанда жұмыс істейді. Олармен қай тілде сөйлесеміз? Үш тілділік біз үшін қалыпты жағдай болуы тиіс» деді.

Әрине айтылған ойлар көңілге қонымды «екі тіл білсең екі өмір сүргенің, үш тіл білсең үш өмір сүргенің» демей ме, дей тұрсақта сол 3,5 мың шетелдік компанияның адамдарын неге қазақша сөйлетпеске. Біздің елде бизнес жасап нандарын тауып жеп жатқан соң, ел заңына бағынып олар да үш тілді болуы тиіс емес пе.

К.Маркстың «отбасы - шағын мемлекет» деген қанатты сөзі бар сондықтан әрбір қазақ отбасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болуы керек. Елбасы «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қанатты сөзі тегін айтылған жоқ сол себепті әр қазақ қай жерде болмасын қазақша сөйлесуге тиіс.  

Кезінде Ресей империясының Романовтар әулеті тұсында билеуші топтың тілдері француз тілі болса да қара халық орысша сөйледі. Қазір орыс халқы орыс тілімен әлемде өз орнын ойып тұрып алды, ал өз тілін менсінбеген Романовтар әулеті тарихтың шаң басқан қатпарында қалды.

Сондықтан қазақ тілінде бұхара халық сөйлесе ғана «көн айналып қалпына келері» сөзсіз.

Ресейдің Д. Попов деген атақты лингвисінің айтуы бойынша әлемде қазақ тілі өзінің лайықты орнын алуы үшін «қазақтың асыл арманы болуы» керек дейді, расында кезінде әлем француз тілінде сөйледі, бүгінгі таңда ағылшын тілінде сөйлейді, ал әлемнің ағылшынша сөйлеуінің бар құпиясы адамдарды «америкалық арман» жетелейді, яғни ол америкалықтардың іскерлігі, даңқы, табыстылығы, экономикалық әлеуеті десе де болады.

Ал қазақтың арманы қандай оны біз қалай жүзеге асыра аламыз?

Оны мен Елбасы Н.Назарбаев ұсынған Қазақстан халқына арналған жолдауынан тапқандай болдым онда «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» дейді, яғни Ұлткөшбасшысы ұсынған еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдар мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу. Бір сөзбен айтқанда ол – «Мәңгілік Қазақстан» идеясы, ел тарихындағы жаңа дәуірдің бастамасы. Ал бұл идеяның іске асуы үшін әр қазақ үлесін қосуы керек.

Категория: Саясат | Добавил: Yersin
Просмотров: 1236 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]